Менің есімім Алтынай, мен алтыншы сыныпта оқимын, жасым он екіде. Өскенде диреткор болуды армандаймын, бірақ анам директор болу үшін көп оқу керек дейді. Мен өз арманыма жету үшін сабағымды жақсы оқуға тырысамын. Біздің мектептің директоры өте жақсы адам, сол кісіге ұқсағым келеді. Барлық оқушыларына мейіріммен қарап, мектеп үшін барлығын жасауға тырысады.
Мен өз басым директор болсам, сыныптағы оқушылар санын азайтып, бір сыныпқа екі сынып жетекшісінен қояр едім: біреуі сыныптың тәртібін қадағаласа, екіншісі оқу үлгерімін қадағалайды.
Мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мектепті кеңейтетін едім. Сонымен қатар кітапхананы да кеңейтіп, екі бөлімнен тұратындай етіп жасар едім: бірінде орындықтардың орнына ыңғайлы креслолар мен түрлі жанрдағы кітаптар болса, екінші бөлімінде жылдам Интернет желісіне қосылған заманауи компьютер мен қажетті қазғаздарды шығарып, көшірме түсіріп алатын көпфункционалды құрылғылар, сөрелерде қажетті кеңсе тауарлары болады.
Тегін асхана екінші қабатта орналасады. Онда күнделікті дәмді тағамдар әзірленіп, барлық оқушылар тегін тамақтанатын болады.
Тағы бір ойым – әрбір оқушының жеке заттарын сақтау үшін кішкене шкафы болады.
Әрине аталған өзгерістермен қатар өз ісіме адал болып, өз ісімнің үздігі болғым келеді.
Егер мен директор болсам...