В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ммм343
ммм343
16.12.2021 15:24 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском "как я встречаю гостей" 8-9 предложений,

Показать ответ
Ответ:
kalinin11ccc
kalinin11ccc
07.10.2020 17:31

Қонақтарды ертеңгі ас, түстік, кешкі ас немесе шайға шақыра отырып, жеке, телефонмен немесе күн мен уақыт белгіленген жазбаша хат арқылы хабарлайды. Мұны қонақтың алдын-ала дайындалуына мүмкіндік беру үшін бірнеше күн бұрын жасаған дұрыс. Егер қайсыбір себептерге байланысты шақырылғандардың бірі келе алмайтын болса, ол туралы үй иелерлеріне күні бұрын хабарлауы тиіс. Бұл ретте ол толық түсініктеме беруге еш міндетті емес, ал үй иелерлеріне бас тарту себебін тәптіштеп сұрап жатудың керегі жоқ.

Қонаққа үй иелерлерімен көрсетілген уақытта дәл келу керек, ал ең жақсысы 5-15 минөтке ертерек. Кешігу үй иелерлері мен басқа қонақтарға жағымсыз және барлық уақытта этикетті өрескел бұзу деп есептеледі.

Кешігуші қонақты 15 минөттен артық емес күтіп, барлығын үстелге шақыра беруге болады.

Егер қонақтар үстел басына отырып қойса, кешігуші үй иесіне немесе оның әйеліне жақын келіп, кешірім сұрау керек. Үй иелерлері бұл ретте өз орындарынан тұрмайды және қонақтың кешігу себебін анықтамай, тек оған оның үстел басындағы орнын көрсетеді.

Қонақтар арасында жақсы көтеріңкі көңіл-күй жасау үшін, оларды құшақ жая және жайдары қарсы алу өте маңызды.

Қонақтарды әдетте үй иесі әйелімен бірге немесе олардың бірі қарсы алады. Қонақпен амандасқан кезде, үй иелерлері әрбірінің көздеріне тіке қарап, күлімсіреумен, құшақ жая қарсы алады. Қонаққа күйеуі мен әйелі келген кезде, үй иелерлерімен бірінші болып әйелі амандасады – алдымен қожайынмен, сонан соң әйелімен, ал кейін оның күйеуі – алдымен қожайын әйелімен сәлемдеседі. Егер қонақтар көп шақырылған болса, барлығын бір-бірімен таныстыру міндетті емес: жиналғандарға кірген адамды, оның аты, тегі, әкесінің атын атау жеткілікті. Бұл ретте «менің қызметтесім», «менің ағам» және т.б. дегенді қосуға болады.

Өз кезегінде жаңадан келген адам үшін әрбірімен қол алысу міндетті емес. Барлығына жалпы бас ию жеткілікті.

Қонақтардың жартысынан көбі жиналған кезде, әсіресе ауа райы ыстық болған жағдайда, оларға салқындатылған шырындар, коктейльдер, басқа да сусындар ұсынуға болады. Бұл уақытта қонақтар еркін жағдайда сұхбаттасып, бір-бірімен жақынырақ таныса алады.

Айтпақшы, танысу кезінде бірінші болып әйел адам қолын ұсынады. Егер ол қолын созбаса, оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

Үстел басына шақыру алдында ереже бойынша еркектер, егде кісілерді қоспағанда, түрегеліп тұрады, әйелдердің отыруына болады.

Қонақтардың барлығы жиналып болғанда, үй иесінің әйелі немесе үй иесі үстел басына шақырады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота