В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
seropyan2006
seropyan2006
22.12.2021 01:08 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском казахские национальные игры

Показать ответ
Ответ:
SkeetNZ
SkeetNZ
05.10.2020 14:38

Ханталапай - қазақ халқының ұлттық ойыны.

Асық ойындары қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойыны. Асық ойнау баланың жүйке жүйесін жастайынан шыңдап, оны икемділікке, ептілікке, ширақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдылыққа, дәлдік пен ұстамдылыққа тәрбиелейді. Ертеде ата - бабаларымыз тіпті сәби дүниеге келмей тұрып оған арнап асық жинаған. Асық ойыны - тек қазақ халқына ғана емес, сондай - ақ Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттарына тән ойын.

Солардың бірі - "Ханталапай" ойыны. «Ханталапай» асықпен ойналатын ойынның бір түрі. Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Ойынға ондаған асық және қызыл түске боялған тағы бір асық керек. Қызыл түсті ерекше асық – хан. Ойынға қатысушылардың саны екеуден көп болуы тиіс.

Ойын басында асықтартарды уыстап алып алаңға шашу керек. Одан соң бүгінен, шігінен, алшысынан түскен асықтарды өз теңімен, яғни бүк түскенін бүгімен шертіп отырып ұпай жинаймыз. Асықтарды тигізе алмаған ойыншы кезекті келесі ойыншыға береді. Қызыл асық – хан ең соңғы кезекте шертіліп алынады. Ханды алған адам ойынды ұтады. Қалған жеңімпаздар жинаған асықтарының санына қарай анықталады.

Ойынның ең қызықтысы – «хан талапай». Асықтар уыстап шашылған кезде қызыл асық алшысынан түссе ғана «хан таланады», яғни ойыншылар қырағылық танытып, үлгергенінше алаңдағы асықтарды мейлінше көп жинап, ең бастысы ханды алуға тырысу керек. Ереже бойынша қызыл асық қолына ілінген ойыншы жеңімпаз атанады.

Бұл ойынды жылдың кез-келген мезгілінде ойнауға болады. Әдетте жаз уақытында көп ойналады. Әдетте асықтар қызыл немесе басқа да түстерге киіз бен кілемге арналған жүндермен бірге боялады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота