В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
LizaZay
LizaZay
20.08.2022 17:21 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском языке ''что я делал летом'' 15 !

Показать ответ
Ответ:
polinaxt1
polinaxt1
08.10.2020 20:00
Оқу жылы аяқталып, асыға күткен жаймашуақ жаз да жетті. Соңғы қоңырауда мектеппен үш айға қоштасып, жаздың бал күндерінің қойнына еніп-ақ кеттік. Жаз - жылдың төрт мезгілінің ішіндегі ең жанға жайлы, тамаша мезгіл. Қаланың күйбең тіршілігінен шаршаған балалардың барлығы жаз шыға салысымен жазғы лагерьлерге, ауылына не басқа қалаларға қыдырып қайту үшін баруға асығып тұрады. Мен де бой жазып, сергу үшін тынысы кең ауылыма тартып тұрдым. Ауылым - Семейдің киелі Баршатас жері. Қаладан пойызбен аттанып, әрі қарай автокөлікпен ауылға қарай жүйіткіп келеміз. Ауылға кіре берер тұста ағаштар мен тарыдай шашылып жатқан үйлерді көріп, жүрегім жылып сала берді. Туған ауылдың құшағына еніп, өн бойымен зырлап бара жатқандағы күйдің өзі бөлек-ау, шіркін. Тұла бойым шымырлап, әр тасына дейін емірене қарап отырғанымда апамның үйіне де жетіппіз. Үйдің алдына тоқтаған көліктің дыбысын естіген туған-туыстарым жадырай дуалдың есігін ашып, мәз-мейрам болып қарсы алып жатыр. Көптен көрмеген жылы жүздер, көптен иіскемеген апам үйінің иісі, барлығы да бала көңілімді өмірге қайта келгендей шаттандырады.

Кіндік қаным тамған киелі өлкеге келіп, топырағын басып, ауасымен тыныстап, суынан құмарың қанғанша ішудің өзі қаншама жылдар бойы қала тірлігі шаршатқан денеңнің құрышын жазып, қала өмірі басқан еңсеңді тіктейді. Ауылдағы туған-туыстарымның үйіне сәлем беріп, әр үйде арқа-жарқа болып сыр тартысып, қойныңа сыймайтын қуаныш арқалаумен біраз күндер өтті. Достарыммен, көз көрген таныстарыммен кездесіп, балаша асыр салып, бұрынғыны еске түсіріп, тағы да бірнеше күннің қалайша лезде өтіп кеткенін де аңғармай қаласың.

Ауылдың табиғаты табиғат-ау, шіркін. Өзенге барып, Баршатастың басы аталатын Баршатас өзенінің таудың құшағына еніп, мамыражай аққан суына барып, рахаттана суға күмп бересің. Өзен жағасында отырып алып, қиырышық тастарды суға лақтырып, тасты емес-ау, құдды бір санаңды шырмаған тұманды ойларды, еңсеңді езгілеген қиындықтарды лақтырғандай боласың. Мұнан соң тауға шығып, кермиық кең даланың төсіндегі бір нүкте ғана бола тұра, осы бір даланы өзің ғана иемденетіндей құшағыңды айқара ашып әрлі-берлі жүгіріп, топырағына аунап, тұтас жерді қойныңа сыйғызардай боласың. Қырдан гүл теріп, жусанның көкірегіңді жарар иісін құшына иіскеп, балалықтың артта қалып бара жатқан бал күндерімен қайта табысасың. Тау басына шығып, күнге қарап көсіле отырып, алдағы күнге деген арман-мақсатыңды тізіп, бойыңа жігер жиясың.

Осылайша ауылдан қайтар уақыт та келіп жетеді. Қимастықпен қол бұлғап, қайтадан тынысы тар қаланың тірлігіне асығасың. Бірақ ауылда өткізген әр күннің өзі жанға шипа. Дәміл-дәміл есіңе түсіп, аңсатқанымен, бойыңа бір жылға жетерлік күш-қуат сыйлайды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота