Ежелгі қалалар. Ежелгі қалалардың бірі-Отырар. Ол VI-VIII ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекетітің астанасы болған.ХVI-XVII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталады. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған. VІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы-Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі. Х-ХІІ ғасырлар-қаланың ең гүлденген кезі. ХVІІ ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады