В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Андрей12385
Андрей12385
03.10.2021 18:33 •  Қазақ тiлi

Сочинение по казахскому языку на тему халық ауыз әдебиеті

Показать ответ
Ответ:
pinka96p0a1p8
pinka96p0a1p8
12.07.2020 21:19

Шығарма

Халық ауыз әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.

Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Мысалы,би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат,

Асқар таудай әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Туып-өскен елің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.

Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы."Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап,мәңгі қастерлейік!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота