Сонымен қар дегеніміз — атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын - шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0, 1 — 0, 2 мм) кристалдар үлкейіп қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір - бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ қар (диам. 8 - 10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С - тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қазақстан аймағында қар қазан - қараша айларынан бастап түседі. Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
- Әр мезгілдің қандай ерекшелігі бар? Қай мезгіл ұнайды?
- Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігі не?
- Қар қайдан пайда болады? Неден жасалған?