В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
maxbas1
maxbas1
16.02.2020 10:52 •  Қазақ тiлi

Сор по казахскому 2 класс 4 четверть ​

Показать ответ
Ответ:
ananimka456
ananimka456
23.03.2023 09:41
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие
Лев Николаевич Толстой

Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо

Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки

Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари

Еңбек туралы:
 Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай
0,0(0 оценок)
Ответ:
didar6
didar6
06.03.2021 19:18

Сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: есептік , реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалды.

1. Есептік сан есім.

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т. б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім.

Реттік сан есім заттың саналу ретін (катарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса — -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші т. б.

3. Жинақтық сан есім.

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

4. БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ.

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады:

1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б.

2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т. б.

3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген т. б.

4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.

5. Топтау сан есім.

Топтау сау есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топ-тау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шыгыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден т. б.

6. Бөлшектік сан есім.

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), т.б.

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:

1. тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);

2. тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).

• Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.

• Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.

• Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.

• Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасау

Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді.

(жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма)

Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер (не істеді? –өткізілді (баяндауыш).

Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам (не?) өткізілді? – көрмелер мен дәрістер. (бастауыш)

Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары (қанша?) көрмелер мен дәрістер өткізілді –20 мыңнан астам. (анықтауыш)

Қазақстандық мұражайларда (қашан?) 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді?-кейінгі жылдары. (пысықтауыш)

Кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер (қайда?)өткізілді? - Қазақстандық мұражайларда (пысықтауыш)

3 сұрақ.

Әсем:әдемі, ажарлы, ару, әрлі, бәденді, келбетті, көркем, көрікті, өңді, райлы, реңді, сұлу, сымбатты;

Үлкен:әйдік, дәу, дөй, дөкей, дыр, дырау, зор, нән, ноян, орасан, ұлы, шой, шоң, ірі;

Төмен:аласа;

Күшті:әлді, әлуетті, белді, жігерлі, қабырғалы, қажырлы, қайратты, қарулы, қарымды, қауқарлы, қуатты, құдіретті, мелжемді, мықты;

Ер:жігіт, батыр, күйеу, каһарман, ұл;

Шеше:ана, апа, мама;

Атақты:айтулы, әйгілі, белгілі, даңқты, дәріпті, дүр, көрнекті, мақтаулы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота