В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ч1димасик1Ч
Ч1димасик1Ч
10.07.2020 17:08 •  Қазақ тiлi

сор по казахскому,не могу решить.

Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін
мазмұны бойынша жауапберіңіз.
Көксерек көп жортты. Көп іздеді. Бір
жотаның басында аттылы қойшыны көрді.
Айналасында қой жайылып жүр екен. Қойшы
айқайлап, бұған қарсы шықты. Қойшы бала екен.
Көксерек
қорықпады.
Қой қаша
жөнелді.
Көксеректің арқасына ағаш сарт етті. Сол-ақ
екен, Көксерек адамға қарай арс етіп шапшыды.
Аузына баланың тоны ілікті. Көксеректе қазір
бұрын білінбеген долылық,
жайындық бар.
Баланың шошыған айқайы шықты. Бала аттан
аударылып, жерге құлады. Домалап жан
балаға
берді. Ырылдап,
баланы
бас
салды. Үстіне қасқыр төніп келгенде көзі бір
ашылып, бір жұмылды. Бала өзіне таныс құлақты
көрді.
Сұрақ
Жауап
Балаға Көксерек неге жақын болды?
Көксеректің көп қаңғып, малшыны
көрудің себебі не?
Мәтіндегі малшы баланың аты кім?
Көксерек құлап жатқан балаға қалай
атылды​

Показать ответ
Ответ:
Стася911
Стася911
13.07.2022 04:41

1) Әңгімелеу мәтіні.

Көмекшілер.

Берік,Самғат,Ажар – кішкентайынан бірге өскен бауырлар.Олар өте тату әрі зерек еді.Ауылдағы атасы күтіп баптаған алма ағаштарының бүгін алма теріп алуды жөн көрді.Берік пен Самғат баспалдақпен биік ағаштардан қып-қызыл алмаларды алды.Ал Ажар оларда шелекке жинап,тасып жүр.Бұл үшеуіне үйдің күшігі Ақтөс те көмек берді.

2) Пайымдау мәтіні.

Еңбекқор құмырсқа.

Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

3) Сипаттау мәтіні.

Күзгі бақ.

Жаздан кейін күз "патшалығы" да келіп,бар аумақты өзіне баурады.Тіпті,жайқалып тұрған әсем баққа да келіп жеткен еді.Күзді күні тек күн салқындап,ел астық жинап қысқа қамданбайды.Соған қоса күз өзінің таңғажайып сұлулығымен де қалыс қалмайды.Оны күзгі бақтың бейнесінен байқай аламыз.Күзгі баққа кіріп қалсаң,бейне бір алтын жалатылған баққа кіргендей боласың.Ағаштар да,аяғыңның асты да сары түске боялған.Арасында қызыл,қоңыр,қызыл-сары түстер де араласып,керемет пейзаж береді.Күзгі бақта әдеттігіден көп серуендей бергің келеді.Себебі,ол тек әдемілігімен ғана емес,тыныштығымен де өзіне тартады.Күннің бұлтты не суық болуы күзгі баққа түк те әсер етпейді.Бәрбір де көркем мезгіл ғой.

0,0(0 оценок)
Ответ:
МАМБЭТ
МАМБЭТ
27.12.2020 14:54

— Сіз Күлкіні айтып тұрсыз ба? — деді әлденеден секем алып тұрса да, белгілі бір шешімге келе алмай. — Бәрін күлкімен жеңу деген...

Осы кезде Роберт бар денесімен бұрылып профессор ешқашан естіп көрмеген бір жат үнмен лекілдетіп, бар даусымен қарқылдай күлді. Профессор абдырап Роберттің жүзіне қарағанда оның қисайып кеткен аузын, бүкіл ақыл-ой нышанын жоғалтып, есірік бұған көздерін көріп, кнопканы қалай басып қалғанын өзі де білмей қалды. Есіктен басын қылтитқан қызметші әйелге:

— Тез, телефон соқ, — деді жан даусы шыға. — Роберт жынданып кетті... Тез...

Осының бәріне, тіпті бүкіл тіршілік атаулыға шегі қатып күлгендей қарқ-қарқ еткен Роберттің тарғыл даусы қашан ақ халат киген дәрігерлер келгенге дейін бөлме ішін тоқтаусыз жаңғырықтырып тұрды.

II

Роберт ұйқы терапиясынан кейін кәдімгідей қалыпқа келіп, коридорға шығып, қабырға ілінген суреттерге, түпкі фойедегі қолдан егілген пальма ағашына, өзіне көз тастап өтіп жатқан сестраларға қарап, бұрыштағы креслода бүктетіле отырып, күндізгі уақытын тып-тыныш өткізетін болды. Сестраларға терезедегі гүлге су құю керек екенін ескертті. Тамақ әкелген қызға жылы шыраймен рахмет айтып, тіпті бір рет кезекші дәрігерден аурухананың бас дәрігерінің аты-жөнін сұрап, одан кейін палатаға күнделікті газет-журналдарды уақытымен әкеп тұруды талап етті.

Таңертеңгі астан кейін Роберт бас дәрігердің қабылдауында болды. Дәрігердің бақылау сұрақтарына Роберттің байсалды жауап бергені соншалық, кабинет ішінде отырған әлдеқандай практикант студент қыздың: «Мына кісі сап-сау ғой»,- деген сыбырын жұрттың бәрі естіп қалды.

Роберттің дәрігерден шығып коридордағы орындыққа отыра бергені сол еді, дәл қасынан кішкене баланың күлкісі естілді. Бірақ Роберт жалт қараған кезде алдында тұрған бала емес, екі шекесінің шашы еп-ерсі тікірейген қасқа бас аласа кісіні көрді.

— Хе-хе-хе... — Қасқабас Роберттің бетіне беті тигенше үңілді. Содан кейін:

— Мен автомат адаммын, — деді сыбырлап. — Мен автомат адаммын: Мен автоматпын. — Қолымен кеудесін түртті. — Ішінде ток жүретін катушка бар, жіп-жіңішке сары сыммен қапталған. — Қолын көрсетіп бірнеше рет ашып-жұмды. — Бәрі механизм. Рычагпен ашылып жабылады. Тұрған бойы механизм, — деп қолының механизм екеніне қуанғандай, тағы да бірнеше рет ашып жұмды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота