В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
polyakovred
polyakovred
25.05.2022 15:23 •  Қазақ тiлi

Сор по казахскому сделайте жазылым и айтылым выбрать одну тему

Показать ответ
Ответ:
DianaSmile111
DianaSmile111
29.10.2021 08:57
Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде танылумен бірге оның мақтанышы, даңқы болып та табылады. Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия — а ң мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті кұралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып келеді. Қай халықтың поэзиясы да бұған айқын мысал бола алады. Осынау тамаша қасиет біздің поэзиямызда да мол. Абай поэзиясына және одан кейінгі кезеңде реалистік арнада, жаңашылдық бағытта дамыған поэзиямызға мұның әсіресе жанасымдылығы бар. Көркем өнердің қай түрін де, соның ішінде ән мен күйді, яғни музыка өнерін Абайдың айрықша бағалағаны жақсы аян. Ал оның сөз өнеріне, яғни поэзияға деген ықыласы мен пейілі тіпті ересен, ерекше бөлек. Оның ұғымынша сөз өнерінің қызметі мен маңызын, мән-мағынасын басқа еш нәрсе де өтей алмақ емес. Шын мәнісіндегі, нағыз қайталанбас көркемдік келісім мен қолдан келмес әсемдік пен сұлулық сонда. Бұл ретте Абай поэзияның эстетикалық сипатын ғана емес, әлеуметтік мәнін де ескерген. Бүкіл а хас тақырыптарды Абай әлемдік поэзияның деңгейіне көтеріп жырлады. Өз шығармашылығына қажет мазмұнды ол сол кездегі қазақ шындығынан тапты. Абайдың дәуір көріністерін ғана емес, тұтас халықтың сипаты мен мінезін, адам бейнелерін жан-жақты әрі барынша шыншыл да терең қамтып жырлағаны соншалық, оның шығармаларын қазір оқығанда да көп күйлерді сезініп, көп бейнелерді айнытпай танып отырамыз. Жарқын жайларды көріп қуансақ та, жамандықтан түңіліп жиренсек те, ашу-ызамызды немесе ең абзал сезімдерімізді ана тілімізде білдірмек болсақ та, біз ең алдымен Абайға ден қоямыз, оның бәрін қамтыған поэзиясынан медет тілейміз. Абай поэзиясы терең мазмұнымен, шалқар кеңдігімен құнды. Сол кездегі қазақ өмірі шындығының Абай шығармаларында көрініс таппаған қыры жоқ. Ол өз халқының тарихи өткеніне де үңілген, өзі айтқандай, ойланып, ойға батып үңілген, жүздеген жылдардың, яғни ғасырлар тереңіне үңілген. Бұл өткенге қарайлау, артқа айналсоқтау емес еді. Абай халқының өткені жайында ойлағанда оның елдік қасиетін танып білуді ғана емес, болашақты бағдарлауды да мақсұт еткен. Ал ол тарих тынысын, оның қан тамырларының соғысын қапысыз сезді, бұлтартпай білді. Бұған оның өмірге, тарихи дамудың барысына және өнерге деген көзқарасы мен ойлары — анық куә. Абай ақындығының жаңашылдық сипаты мен өзекті бағыты жайында сөз қозғағанда бұл жәйт әрдайым есте тұрады. Абай поэзиясы реализмімен кұнды. Реалистік сипаттар мен мезеттер халық поэзиясында да және жекелеген ақындардың шығармашылығында да ұшырасатын. Бірақ реализм көркемдік әдіс ретінде ең алдымен Абай, Ыбырай шығармашылығында қалыптасты. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы». Абайдын ақындық кредосы, поэзиялық және философиялық тезисі осындай. Мұнда Абай тек поэзияны ғана емес, жалпы сөз өнерін, көркем әдебиетті айтып отыр. Барлай қарасақ, Абайдың меңзеп отырғаны — жалпы әдебиет атаулы емес, реалистік әдебиет. «Сөз сарасы» деу арқылы ол поэзиядағы айқындықты, реализмді бәрінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Ақын өз реализмінің принциптерін де бүгіп қалмай, аша кетеді. Бұл оның поэзияның іші алтын, сырты күміс болып келуін талап етуінен байқалады. Міне осындай поэзия ғана — реалистік поэзия, яғни Абайша айтқанда «жақсы сөз». Мұндай реалистік поэзияны, жаңашыл поэзияны Абайға дейін ешкім жасай алған жоқ. «Қазақтың келістірер қай баласы» деуі — Абайдың астамшылығы немесе нигилистігі емес, ащы шындықты мойындауы әрі суреткер ретінде өзіне тарих жүктеген міндетті терең сезінуі еді. Ол қиыннан қиыстыратын, шығармашылық ерен ерлік жасайтын дана-ақынға, классик-ақынға қазақ қоғамы мейлінше ділгір екенін көре білді және өзі сол деңгейге көтеріле алды. Ақындық шабыт пен шығармашылық актысын келістіріп жырлаған, жаңа ақынның типі мен тұлғасын жасаған өлеңдер Абайда мол екені аян.
0,0(0 оценок)
Ответ:
апааапаппаа
апааапаппаа
27.07.2020 11:01
Шанырақ юрты имеет особенно значение. Оно обозначает главный дом отца, семейства к отношению детям. И после этого образовалось такие статусы как  "большой дом" "главный дом". Самый младший ребенок этой семий оставался хозяином этого дома. Младшие невестки были обязаны ради духов предков приносить в этот дом "сыбагу", то есть доля какой ни-будь еды. Эти названия "большой дом", "главный дом" до сих пор употребляется.
1 . Мәтінде киіз үйдің қай бөлігі жайлы айтылады?
2. "Шаңырақ" сөзі қандай мағынаға ие?
3. Қара шаңырақ иесі кім болып табыалды?
4, Кіші үй келіндерінің қандай міндеті болған?
5. Кіші үй келіндері кімдер үшін сыбаға әкелген?
1 Про какую часть юрты говорится в тексте?
2 Какое значение имет слова "шанырак"?
3 Кто является хозяином главного дома?
4 Какие обязанности были у младших невесток?
5 Кому приносили сыбагу младшие невестки?
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота