В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
liza9novxp011he
liza9novxp011he
22.07.2022 21:27 •  Қазақ тiлi

Составить диалог на казахском на тему "ақиқат пен аңыз" ​

Показать ответ
Ответ:
jskzva1
jskzva1
22.03.2021 12:00

Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. 

Б. Момышұлы 

Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады. Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр Жеңіс күні. 

ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар уақиғасы – 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 70 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалды. Олардың теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. 

Қазақстандық жауынгерлердің осы Жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Сталинград түбінде жаумен шайқасқан, генерал Панфиловтың дивизиясы құрамында Москваны қорғаған қазақстандықтарды біз мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысының даңқты шежіресіне алтын әріппен жазылған жауынгер жерлестеріміздің майдандағы ерлігін біз ерекше мақтанышпен бағалаймыз. Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі өнеге. Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен ауыр сын кезінде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар – ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады. Жалпы а үшін соғыс қажет пе еді? Осы соғыста қандай қайғы – қасіреттер болды десеңші! 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста мұз жастанып, қар төсенсе де, батырлық көрсетуден таймаған, ержүрек жауынгерлерімізді және қазақ деген батыр халықты әлемге танытқан батыр аталарымыз бен аналарымыздың ерлігіне бас иіп, 1 минут үнсіздік танытсақ артық болмас еді. Ұлы Отан соғысында асқан батырлығымен көзге түсіп, үкіметіміздің ең жоғары Совет Одағының батыры атағын алған жерлес аталарымыздың есімдерін атап өтсем, олар: Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, ұшқыш – Талғат Бигельдинов, Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз Доспанова апаларымыз, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов т.б. еді.

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші, 

Арамызда ардақ болып жүріңдерші! 

Құрметтейік жеңісті мамырдағы, 

Бақыттан рахаттанып күліңдерші! 

Ардагер аталарға бас иемін, 

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің. 

Келешек ұрпағыңның бақыты үшін, 

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін –деген өлең жолымен өз ойымды аяқтаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alieta
Alieta
03.04.2023 02:50

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі түршігіп, берекесі қашқан кептер:

— Оу, қарға, таң атқалы балапандарыма жем тасып, әбден шаршап, мына қайыңның саясына аздап демалайын деп отыр едім. Мүмкін болса, біраз қоя тұршы, мазаны алмай, – деп өтінеді.

Өзінің әніне түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп кетеді. Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды:

— Ей, осылай шаршап отырғанда, көңіліңді көтерейін деп, әдейі сайрап отырған жоқпын ба?! – дейді.

Кептер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да әрі ұшып кетеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота