В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lyisa
lyisa
07.12.2021 14:07 •  Қазақ тiлi

Составить кроссворд слово Раушан

Показать ответ
Ответ:
kseniazorina14
kseniazorina14
18.06.2021 21:16

Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Барлық құқықтар сақталған.

Соңғы жылдары ел үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, әсіресе, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған инфрақұрылым арқылы аталмыш стратегияның орындалуына өз септігін тигізе алады. Сондай-ақ, мемлекет жүктеген тағы бір міндеттердің бірі – Орта Азия аймағындағы туристік орталыққа айналу. Бұл бағдарламаны дамыту үшін мемлекеттің бюджет қорынан 59 млрд теңге бөлінген. Барлық құқықтар сақталған.

Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халық­аралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халық­аралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға тырысуда. Маусым айында басталған халықаралық ЭКСПО көрмесі осы міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлесін тигізетіні сөзсіз. Халықаралық көрмені бір айдың ішінде ел азаматтарымен бірге шетелдік турист, еріктілерді қосқанда 5 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген. Барлық құқықтар сақталған.

Объяснение:

Можно лучший ответ

0,0(0 оценок)
Ответ:
Danchik2046
Danchik2046
20.07.2020 00:02

Александр Сергеевич Пушкин (6 маусымның 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпанның 1837, Сән-Питербор, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) – орыстың ұлы ақыны. Оның өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, еркендетуіне мумкіндік берді. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты. Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден бөзінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сөзімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды. Россияда отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Россияның ер аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі кез тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ. М. В. Ломоносовтың ірі қоғамдық мәселелерді толғай білгені, Карамзиннің адамның жан сөзімін әсерлі суреттеуі, В. А. Жуковский өлеңдеріндегі ерекше әуездік, сыршылдық, И. А. Крыловтың қарапайым адамның мінез-ерекетін дәл бейнелеуі, А. С. Грибоедовқа тән қоғамдық өмірді суреттеудегі шынайылық, сыншылдық, К. Ф. Рылеев поэзиясындағы отаншылдық, адамзаттық әуен, рев. сарын - бұлардың бірі де Пушкинге жат емес екенін ап-айқын аңғарамыз. Бірақ ақынның ез тұлғасы осы аталған ақын, жазушылардың біріне де ұқсамайды. Өйткені ол орыс әдебиетіне дәуір талабына сай тың ақындық ой-сөзім әкелді, орыстық ұлттық көркем ой жүйесін керемет өнерпаздық күш жұмсап, мүлдем басқаша қалыптастырды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота