Мен мектепке троллейбуспен барамын. Мектебім үйден онша қашық емес. Сондықтан мен көбіне мектепке жаяу барамын. Жазды күндері тіптен тамаша, таза ауа, таңғы салқын. Кейде көрші үйде тұратын достарыммен бірге барамыз. Ал, асыққанда троллейбусқа отырамын. Троллейбус аялдамасы үйдің дәл жанында. Мектептің қасындағы аялдамадан түсемін. Мен осылай мектепке жетемін.