(Составьте диалог, используя текст задания 4.Употребляйте в диалоге слова, относящиеся к речи(приветствие,знакомство,приветствие, прощание).Название диалога « Интервью с писателем") . . Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі ауылында дүниеге келген. Әкесі – Омархан мен атасы – Әуез –сауатты кісілер. Мұхтарды атасы – Әуез бен әжесі – Дінасыл тәрбиелеген. Мұхтардың атасы Абай ауылымен сыйлас болған. Үнемі хабарласып, араласып отырған. Мұхтар алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен. Жазушының Абай туралы ең үлкен еңбегі – «Абай жолы»атты төрт томдық роман – эпопея. Романның 1 – томы Абайдың балалық шағынан басталады. Жазушы бала Абайдың отбасы, өнеге алған ортасы, шәкірттері жайлы жазды. Ал романның 4-томы Абайдың қайтыс болуымен аяқталады.
Туған елім, кең байтақ дархан далам – менің мақтанышым. Себебі, мен осы дархан далада дүние есігін аштым. Осы жерде алғаш қадам бастым, мектепке бардым. Менің қасиетті Отаным – қазақтың киелі жері!
Сол киелі жерде қаншама талантты да зиялы, ақылды да мейірімді адамдар дүниеге келді! Сондай адамдардың бірегейі деп мен Нұрсұлтан атам Әбішұлы Назарбаевты айтар едім. Бұл а қшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Елімнің алға қойған мақсатты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Биыл алғаш рет бірінші желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні мерекеленеді. Мемлекетіміздің әр азаматты болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде.
Нұрсұлтан атамыз балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның бір дәлелі Астанада және басқа да қалаларда Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің ашылуы,ал біздің сүйікті қаламызда таяу уақытта ашылады. Менің арманым сол мектептің үмітін ақтайтың үлгілі оқушысы атану. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Менің Президентім аман болып,ұзақ өмір сүруіне тілектеспін. Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз!