Міне,қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суықт жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.