В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
annasolovey63
annasolovey63
16.11.2020 17:13 •  Қазақ тiлi

Ұстаз бен шәкірт тақырыбына шағын әнгіме​

Показать ответ
Ответ:
микки36
микки36
29.04.2021 15:20
Инемен құдық қазғандай білім жолында талмай іздену а ң табиғатына тəн. Қай заманда болмасын адамзат өркениет шыңдарына ақыл-парасаттың, білімнің күшімен жеткен. Сол биікке жету жолында адам табиғатындағы беймəлім дүниені танысам деген түйсік қозғаушы күш болған.

Ұстаз ұғымы кісі өмірінде үлкен мəнге ие. Əсіресе, қазіргі заманда ұстаз алдын көрмеген адам кемде-кем. Білім мен ғылым заманы жиырма бірінші ғасырда кез келген адам ұстаз бен шəкірт қатынасын өз деңгейінде түсініп, екеуінің бір-біріне деген міндеттерін біле жүруі керек. Əйтпесе, біз мəн бере бермейтін болмашы жерден мүлт кетіп, нəтижесінде кісі ақысын мойынымызға жүктеп алуымыз мүмкін.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» (Абай) демекші, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, əрдайым сондай бір ізетпен еске алған. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын − Аристотельді, Абылай хан − Төле биді, Шəкəрім − Абайды, Бердақ − Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы əрі ұстаз тұтқан.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мəселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын: «Мен ұстазыма əкемнен кем қарыздар емеспін. Əкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бəрін алдым», – деп еске алатын болған
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота