Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап
А. Әрдайым дайын
В. Аса биік үй
С. Алдыңгүні айтты
Д. Ала жаздай ән салды
Е. Кейін қалды
Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді белгіле
А. Келіп-кету
В. Бала-шаға
С. Он-он бес
Д. Жол-жөнекей
Е. Келсе-келер
Сәл рең беріп тұрған үстеуді тап
А. Баяулау
В. Бұлбұлдайын
С. Сеніңше
Д. Қазақша
Е. Соншалық
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды.