В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
bika20679
bika20679
01.04.2023 21:49 •  Қазақ тiлi

Су туралы нe білeміз? Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны дың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын.Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі. Иә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі. Есімдіктерді табу қажет

Показать ответ
Ответ:
BayntuMix
BayntuMix
05.11.2021 06:18

Объяснение:

Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған. 

«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.

Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланыс­ты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Paxxan
Paxxan
21.02.2023 16:53

Қиял-ғажайыптар әлемі.

 Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.

 Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі.

Объяснение:

если что я списал Простите но нашёл ;3

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота