Ғылыми стиль: Ауа-райының өзгеруі атмосферада өтетін нақты құбылыстарға байланысты. Атап айтсақ, Жер осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері ауысып отырады. Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің болжауынша аптаның соңына дейін температура 0-ден төмен деңгейде сақталады. Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы киіну керек еді. Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі. Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.Ел бағу? жер бағу емес Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.Ғылым бағу? Жоқ, Қажымұрат Шыңғысқа ақша беруің қажет ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз - күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.
Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің болжауынша аптаның соңына дейін температура 0-ден төмен деңгейде сақталады.
Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы киіну керек еді.
Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі.
Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.