Туған жер туралы ой толғап, қалам тербемеген ақын -жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә !? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен ,ешкім де әлі атамекенін құдіретін танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар... Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер! Өз еліңнің ауасы да,суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат,сағыныш ештеңеге ұқсамайтын -- ұлы сезім!