В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Kinana99
Kinana99
11.01.2023 09:33 •  Қазақ тiлi

Төл сөздің анықтамасын табыңыз. *

Біреудің сөзінің өзгеріссіз берілуі
Біреудің сөзінің өзгеріске ұшырауы.
Екі адамның сөзі
Басқа сөздің айтылуы
2.Төл сөз автор сөзінен кейін келсе қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз. *

Жақша
Нүктелі үтір
Қос нүкте
сызықша
3.Берілген сөйлем төмендегі сызба бойынша автор сөздің қалай орналасуына дәл келеді екенін көрсетіңіз.Әкесі: «Анау тағаны,балам,ала жүр»,-деді *

Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.
«Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».
Автор сөзі: «Төл сөз».
«Төл сөз»,-автор сөзі
4.Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. *

«Қазақ солдаты» романы талданды
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» шықты
«Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық
Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті».
5.Автор сөзі бар сөйлемді табыңыз. *

Туған жер-алтын бесік
«Қол ұстату,шаш сипату» деген ырымдар бар
«Келешек - өткен тарихты қорғау»,-дейді Олжас Сүлейменов.
«Құстар» әнін білесіңдер ме?
6. Төл сөзді сөйлемді табыңыз. *

Кеше жаңбыр себеледі.
Жаңбыр жауды.
Жаңбыр шелектеп құйды.
«Жаңбыр жаумаса ,жер жетім»,-деді Төле би
7. Төл сөзді табыңыз. *

Баян менен нешеде келетінімді сұрады.
«Уақытыңды үнемде!»- деді мұғалім.
Құралай менің атымды сұрады.
Ол қашан келетінін айтты.
8.Төл сөздің тыныс белгісін анықтаАрманның досы Алматыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын. *

қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
қос нүкте, сызықша, леп белгісі
тырнақша, үтір, сызықша
қос нүкте, тырнақша
9. Төмендегі сызбаға сәйкес сөйлемді табыңыз«Төл сөз», - автор сөзі. *

–Менен неге сұрамайсың?- деп ашуланды Әмір.
- Сабаққа кешігіп келе жатырсың ба? - деп сұрады Әмір
«Ертең үйге қонақтар келеді», - деді Әмір
Әмір менен: - Ертең боссың ба? - деп сұрады
10. Төмендегі сызбаға сәйкес сөйлемді табыңызАвтор сөзі:-Төл сөз?-автор сөзі. *

-Ол,- деді Әмір,-сенің інің бе?
Әмір: -Ол сенің інің бе?-деп сұрады.
Әмір былай деп сұрады:-Ол сенің інің бе?
-Ол сенің інің бе?-деп сұрады Әмір.

Показать ответ
Ответ:
4534567889246400607
4534567889246400607
17.05.2023 13:24

Қазақ қолөнері

Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды обл-нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 – 8 ғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады. Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген

0,0(0 оценок)
Ответ:
snejanaterg
snejanaterg
07.09.2020 05:55

ответ:Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Ою-өрнектердің түрлері.

«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота