Төл сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды? 1)Тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылаулары мен «керек» сөзінің бірі қосылып айтылады
2) Өзгеріске түспейді
3)Есім сөздерге айналады
4)Есімше жұрнағы жалғанады.
5)Жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Су күнделікті шөлімізді ғана қандырып қоймай, сонымен қатар суда жүзіп, жаттығу жасаған ағзамызда едәуір пайдалы. Мысалы, суда жаттығу жасау тек жүректі нығайтып қана қоймай, бүкіл ағзаға да жағымды әсер етеді екен. Жалпы су жаттығулары барлық қан - тамырлар жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.
Күнделікті ішетін кофе судың соры екен. Бір киолграмм кофе өнімін дайындау үшін жиырма екі мың литр су жұмсалады екен. Осыдан соң кофені ішкім келмей қалды.
Бір жеңіл автокөлігін шығаруға екі жүз литрдей кетеді дейді статистикада. Одан да көп кетпесе аз кетпесі анық.
Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен.
Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.
Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.
Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе? Ғұсыл алғанда ше?
Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңзді есептеп көрдіңіз бе?
Бір ауызашарға барып, астан соң қолымды жууға жуынбөлмеге кіре бергенде сарылдаған судың дыбысын естідім де еріксіз сол жаққа қарадым. Асхана бөлмесінде екі келіншек суды сарылдатып "рахаттана" ағызып ыдыс жуып тұр екен. Жүрегім сыздап кетті. Шыдай алмай қастарына барып суды ысырап етуге болмайтынын айттым. Жақтырмады. Маған ақыл айтты. Құдайдың суын аяйсыз ба не?, - деп жекіп те алды. "Өзіме де сол керек" дедім де "асығыс шаруаммен" үй иесіне рахметімді айтып кетіп қалдым. Үйге келгенше жаяу жүріп Алладан кешірім сұрап келдім өзім үшін де және суды ысырап еткендер үшін де. Бір жарым сағат жүріппін үйге дейін.
Әкем (Алла оған разы болсын) жаңбыр суын да жинап бақшамызға пайдаланатын еді. "Алланың алдына барғанда судың да сұрауы болады балам" дейтін.