Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: А жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді.
Мәдениет
Жауабы: Мәдениет адамдардың жасауы бойынша екі түрге ажыратылады.
1.А ң шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер
материалдық мәдениетті құрайды.
Материалдық мәдениетті
2. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының
ерекшеліктерінен туындайды.
Рухани мәдениетінің дам
3. Киіз үй — Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі.
Орталық Азия халықтарының
4. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс.
Тарихымыздағы
5. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ»,-деп жазады
Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Уәлиханов
6. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар.
Татулықтың белгісі
7. Мұны «төр» сөзi Орхон-Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында
қолданылғанынан байқауға болады.
Орхон-Енисей жазбаларында
8. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Жер сілкінісінде
9. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып
жүр.
Жер сілкінісінен
10. Көшпенділердің киіз үйі- ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай келе жатқан құнды
мәдени жәдігер.
Ғасырлар бойы