В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
тиматимуша
тиматимуша
29.08.2020 20:20 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген тақырып бойынша, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, жоспарды жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, тақырып бойынша көптік, тәуелдік, септік, жіктік және шылау арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. Астана қаласында «Көшпенділер мәдениеті» атты көрме өтіп жатыр. ​

Показать ответ
Ответ:
ludmilacernakov
ludmilacernakov
04.04.2021 12:32

Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.

Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.

Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.

Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді

0,0(0 оценок)
Ответ:
Аккаунт удален
Аккаунт удален
03.04.2021 10:28

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота