Төмендегі мақал –мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру, асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін, омонимін табу. 1. Ауру батпандап кіреді, Мысқалдап шығады. 2. Жаны ашымастың қасында Басың ауырмасын. 3. Тұмау аяғы – құрт, Тұман аяғы – жұт. Бас аманда, мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті. 4. Ауру – аяқ астында.
-Жеңіл атлетика-ежелден келе жатқан спорттың жүгіру түрі.
-.Жеңіл атлетикаға нелер жатады?
-Жеңіл атлетикаға жүгіру,әр түрлі қашықтыққа жүгіру, 30м, 60м, 100м, 200м, 800м, 1500м,3000м, 5000м,10000м және марафон 42 шақырым 195 метрге жүгіру жатады
-Шөлдегенде көп су ішуге бола ма?
-Жаттығулардан кейін шөлдегенде көп су ішуге болмайды
-Неге жаттығулардан кейін су ішуге болмайды ?
-Өйткені адам ағзасы суды өзі мөлшерімен толтыруы тиіс. Суды тек ауызды, тамақты кебуден сақтау үшін жай ғана шайып тұру керек
-Жеңіл атлетиканың киімі қандай болғаны дұрыс ?
-Жеңіл атлетикада жаттығу киімдері жұқа және жеңіл болғаны дұрыс
-Қандай киім киюі қажет?
-Мектеп оқушылары жеңіл кроссовка, резина табанды жұқа кедалар кигені абзал
-Жүгірудің пайдасы не?
-Жүгіру денсаулық үшін өте пайдалы