Төмендегі құрмалас сөйлемдерді белгілеріне қарап анықта. Қазақстан Азия және Еуропа құрлығының нағыз
бел ортасында орналасқан және табиғи ресурстары мен
экономикалық қуаты басым еуразиялық мемлекет. Қазақ-
станның оңтүстік-батыс және оңтүстік аудандары кең-байтақ
Тұран жазығымен шектесіп, солтүстік-шығысын үлкен Алтай
таулар жүйесі алып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде және де тың игеру жылдары Қазақстанға көптеген
ұлт өкілдері қоныс аударылды, сөйтіп Қазақстан көпэтносты
мемлекетке айналды.
- Ата неше тіл білесіз?
- Екі тіл. Қазақша, орысша
- Мен үш тіл білемін. Қазақша, орысша, ағылшынша!
- Бәрекелді!
- Сен үлкенсің. Неге екі-ақ тіл білесің? Мектепте ағылшынша оқымадың ба?
- Оқыдым балам. Бірақ мектепте біз ағылшын альфавитін ғана жаттадық. Кейін институтта немісше оқыдым. Сонымен екеуі де есімде қалмады.
- Неге?
-
- Әке, егер ағылшынша көмек керек болса менен сұрайсың ғой. Жарай ма?
- Жарайды!
Маған жаны ашыған ұлымның ақылы осы болды.
Енді ұлымнан ұялмас үшін ағылшынша үйрену керек болып тұр. Жазда курсқа жазыламын. Әрине, өзім үшін...