Төмендегі сөйлемнің тыныс белгілерін қойып , морфологиялық талдау жасаңыз Сол айнага қарап тұрып , екі бүйіріпі таянып , тіп - тік жүрссісіп отыра берiп кайта тұрганда пәтер иесінің әйелі Хамиттің арт жағындағы есікті ашып , шайыныз даяр болды деді .
Газет дегеніміз - мерзімді не уақытша не болмаса бір рет шығатын басылым түрі.Біздің ғасыр ғаламтордың дамыған заманы.Қазірге жастар кітап не газет - журналдарды оқымайды,олардың орнына компьютер мен телефон шұқылығанды ұнататыны өтірік емес.Оқушылардың кітап,газет - журналдарды оқу үшін қызығушылығын қалыптастыру үшін,кітапханаларда үнемі кітап көрмесі, кештер ұйымдастырылып отыру қажет.Мектепте газетке жазылу барысында оқушыны қандай тақырып қызықтыратынын біліп,сол бағыттағы газетке яғни өзіне ұнайтын,оқығысы келетін газетке ғана жазылдыру керек.Бүгінде газет - журналдардың орнын интернет - ресурстар басып келеді.Біздің тарихымызда 1870 жылдардағы шыққан "Түркістан уәлаяты"газеттері сақталған.Біз сол сарғайған парақтардан сол кездегі еліміздің тарихын біле аламыз.Бұл газет пен журналдардың құнды дүние екенін білдіреді.Газет осы кезге дейін тіл мәдениетін қалыптастырып,жетілдіріп келеді.Компьютер еліміздің барлық жерінде қолданыла бермейді,көп ауылдық жерлерде ғаламтор жоқ,сондықтанда кітап,газет - журналдар халыққа әліде керек."Газет - халықтың көзі,құлағы һәм тілі",-деп А.Байтұрсынов бекер айтпаған.АҚШ та шығатын 1851жылдан бері келе жатқан "New York Times" газетінің қазірдеде оқырманы көп екен.Тіпті БАҚ - та сол газеттен сілтеме жасап, ақпарат таратады екен.Себебі күн сайын таңертең газет столдың үстінде жатады,халық күнделікті басты жаңалықтарды сол газеттен оқыйды.Ал бізде жетісіне бір келеді.Ел естіп болған жаңалықтар жазылады,тапсырыспен келген мақалалар мен құттықтауларға толы болады.Сол газеттер күнде шығып,таңертең халық бар жаңалықтар мен ақпаратты газеттен көрсе,газет оқуға деген қызығушылық артар еді.Газеттің оқырмандары көп болса ,әлеуметтік желідегі сауатсыздық азайып, М.Шаханов айтқандай "Компьютербасты жарты адам"болудан арылар едік.