В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ely4
ely4
23.10.2022 09:48 •  Қазақ тiлi

Төмендегі сөздің мағынасын түсіндіріп жазыңыз"Ерте айырылды"

Показать ответ
Ответ:
belovavaleriya
belovavaleriya
30.11.2021 11:58

Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты.

Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.

Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.

Дереккөз.

Кез келген заманда өмір сүрген және өмір сүріп жатқан қоғам үшін «бейбітшілік» сөзінің құны жоғары. Бейбітшілік күндердің қадірін білетін адамзат елдің дүрлігіп, әлемнің шаңырағының ортасына түскенін қаламайды. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әйткенмен бәрінің де қолы бейбіт өмірге жете алмай отыр. Әр қадам басқан сайын жау шығып қалар деген қорқыныштан қолдарынан қаруларын тастамай қарумен ұйықтап, қарум

0,0(0 оценок)
Ответ:
blumkin2002
blumkin2002
15.06.2022 11:11

Соның бірі – қазір құрылысы қызу жүріп жатқан Самал ауданы мен Амфитеатрды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі.

Ағысы жылдам, қарқыны күшті, қоршаған ортаға қуат берген тіршілік нәрі секілді Елорда да қарқынды дамып, айналасына дем беріп келеді. Жалпы Астана Еуропа мен Азияны жалғайтын көрікті көпірге айналып үлгерді.

Алғаш болып Есіл өзенінде «Тұлпар» көпірі салынды. Ізін ала қос жағалауды байланыстыратын бірнеше көпір бой көтерді. Оның ішінде автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірі де бар. Ал мына көпір жаяу адам мен велосипедшіге арналған.

Құрылысшылардың айтуынша, жұмыс аяқталуға шақ қалды. Сондықтан төніп тұрған қауіп жоқ. Құрылыс қызу жүріп жатыр. Аяқталуға аз қалды. Көркемдігі көз тартар көпірдің ерекшелігі де бар. Мәселен, мұнда 3 мыңнан асатын темір жапырақтар орнатылған. Көлемдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Бір жағында 3 метрден аса велосипедпен жүретін, бір жағында 7 метр, ортасында 15 метр жаяу жүретін көпір болып есептеледі. Бұл – Атырау облысының Астанаға беріп отырған сыйлығы. Өте күрделі көпірлердің бірі болып есептеледі. Мұндай көпір Қазақстанда жоқ. Ал салмағы 2 500 тоннаны құрайтын мына көпірді су астына қалай орнатқандығын біреу білсе, бірі білмес.

Мұның технологиясы өте күрделі болып есептеледі. Судың ағысын тоқтатпас үшін әуелі дамбы салынып, ортасына турба қойылады. Сол дамбының үстіне қорғандары көтеріліп, осындай көпірдің мүсіні шығады. Сұлу сұлбасы түзілген көпірге көпшілік тамсана қарап жүр. Құрылысы аяқталса, аяңдауды асыға күтеді. Тіпті алыстан арнайы атшаптырып келгендер де бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота