В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
kaka932
kaka932
16.10.2020 08:26 •  Қазақ тiлi

Төмендегі жаңа сөздерді тағы қандай сөздермен тіркестіруге болады?


Төмендегі жаңа сөздерді тағы қандай сөздермен тіркестіруге болады?

Показать ответ
Ответ:
Paxxan
Paxxan
21.02.2023 16:53

Қиял-ғажайыптар әлемі.

 Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.

 Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі.

Объяснение:

если что я списал Простите но нашёл ;3

0,0(0 оценок)
Ответ:
dItCh2001
dItCh2001
26.12.2020 08:24

1998 жылғы қысқы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

Кезекті қысқы олимпиада 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өтті. Бұл жолын қысқы олимпиада ойындарына екінші рет қатысқан Қазақстан екі қола медальді иемденді.

Шаңғы тебуден Владимир Смирнов – қола медаль;

Коньки спортынан Людмила Прокашева – медаль алды.

2000 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

Қазақстан Австралияның ірі қалаларының бірі Сиднейде өткен 2000 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына өз тарихында екінші рет қатысып, үш алтын, төрт күміс медаль қанжығалады. 198 ел қатысқан Сидней олимпиядасына Ұлттық құрамадан 130 спортшы аттанып, жетеуі жеңіспен оралды.

Жеңіл атлетикада Ольга Шишигина – алтын алқа;

Бокстан Бекзат Саттарханов – алтын алқа;

Ермахан Ибрайымов – алтын алқа;

Мұхтархан Ділдәбеков – күміс алқа;

Болат Жұмаділов – күміс алқа

Велоспорттан Александр Винокуров – күміс алқа;

Еркін күрес бойынша Ислам Байрамуков – күміс алқа иемденді.

2004 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

Қазақстан 2004 жылғы жазғы олимпиада ойындарында ҚР Ұлттық олимпиада комитеті басқарған делегация құрамын ұсынды. Сөйтіп, 2004 жылғы олимпиада ойындарына аттанған 119 спортшының 8-і жүлдемен оралды.

Бокстан Бақтияр Артаев – алтын алқа алып, чемпион атанды.

Геннадий Головкин – күміс алқа;

Ауыр атлетикадан Сергей Филимонов – күміс алқа;

Грек-рим күресінен Георгий Цурцумиа – күміс;

Еркін күрестен Геннадий Лалиев күміс алқа;

Он сатылы жеңіл атлетикадан Дмитрий Карпов –  қола медаль;

Бокстан Серік Елеуов – қола медаль;

Грек-рим күресінен Мхитар Манукян – қола медаль алды.

Осылайша, медальдік кестеде Қазақстан құрамасы 40-шы орынды иеленді. Бірақ, Сиднейде өткен Олимпиадаға қарағанда,  команда 18 сатыға төмендеді.

2004 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

2008 жылғы олимпиада Бейжіңде өтті. Қытай астанасында өткізілген XXIX олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль салынды.

Бокстан Бақыт Сәрсекбаев – алтын алқа;

Әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Алла Важенина – алтын алқа;

Әйелдер арасында қатарынан үш рет секіріп түсуден Ольга Рыпакова – күміс;

Дзоюдодан Асхат Жіткеев – күміс:

Грек-рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаев қарсыласынан допинг табылуға байланысты – күміс алқа алды.

Әйелдер арасындағы еркін күрестен Елена Шалыгина – қола медаль;

Ерлер арасындағы еркін күрестен Марид Муталимов – қола медаль;

Бокстан Еркебұлан Шыналиев – қола медаль;

Ерлер арасындағы таэквондодан Арман Шылманов – қола медаль алды.

2010 жылғы қысқы олимпиада ойындарының жеңімпазы

2010 жылғы қысқы олимпиада Ванкуверде өтті. Бұл жылғы қысқы олимпиадада Қазақстанның атынан үш спорт түрі бойынша 37 спортшы қатысып, тек біреуі ғана жүлдемен оралды.

Биатлон бойынша жеке жарыста Елена Хрусталёва – күміс алқаны қоржындады;

2012 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

2012 жылғы жазғы олимпиада ойындары Ұлыбритания астанасы Лонданда өткен болатын. Бұл кезде Қазақстан медаль саны бойынша 24 орынды алды.

Велоспорттан ерлер арасындағы топтық шоссей жарысында Александр Винокуров – алтын алқа;

Әйелдер арасында үш қарғып секіру бойынша Ольга Рыпакова – алтын алқа;

Бокстан Серік Сәпиев – алтын алқа;

Бокстан Әділбек Ниязымбетов – күміс алқа;

Грек-рим күресінен Даниял Гаджиев – қола жүлдегер;

Олимпиада тарихында алғаш рет ұйымдастырылған әйелдер боксында Марина Вольнова – қола жүлдегер;

Әйелдер арасындағы еркін күрестен Гузель Манюрова – қола жүлдегер;

Бокстан Иван Дычко – қола жүлдегер;

Еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров – қола жүлдегер;

Әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан қарсыласынан допинг табылуға байланысты Анна Нурмухамбетова – қола жүлдеге ие болды.

2014 жылғы қысқы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында Сочиде өткен 2014 жылғы қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан да қатысты. Бірақ, Қазақстанның ұлттық құрамасында болған 58 спортшының тек біреуі ғана медаль алды. Ол қола жүлдені иеленген Денис Тен.

Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен – қола медаль алды.

2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жеңімпаздары

Ал 2016 жазғы олимпиада ойындарындары Қазақстан үшін сәтті болды. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында ел қоржынына жалпы 17 алқа салынды.

Брасс әдісі бойынша 200 метрге суға жүзуден Дмитрий Баландин – алтын алқа;

Ауыр атлетикадан Ниджат Рагимов – алтын алқа;

Бокстан Данияр Елеусінов – алтын алқа;

Дзюдодан Елдос Сметов – күміс алқа;

Әйелдер арасында ауыр атлетикадан Жазира Жаппаркуль – күміс алқа;

Бокстан Василий Левит  – күміс алқа;

Бокстан Әділбек Ниязымбетов – күміс алқа;

Әйелдер арасында күрестен Гюзель Манюрова – күміс алқа;

Дзюдодан Отгонцэцэг Галбадрах – қола жүлдегер;

Еркектер арасында ауыр атлетикадан Фархад Харки – қола жүлдегер;

Әйелдер арасында ауыр атлетикадан Карина Горичева – қола жүлдегер;

Әйелдер арасында жеңіл атлетикадан үш қарғып секіру бойынша Ольга Рыпакова – қола жүлдегер;

Ауыр атлетикадан Александр Зайчиков – қола жүлдегер;

Әйелдер арасында еркін күрестен Эльмира Сыздыкова – қола жүлде;

Екатерина Ларионова – қола жүлде;

Бокстан Иван Дычко – қола жүлде;

Әйелдер арасында бокстан Дариға Шакимова – қола жүлде;

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота