В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Xkdidid
Xkdidid
03.01.2021 20:42 •  Қазақ тiлi

ТӘМПІШ ҚАРА". танысу бөліміне жоспар

Показать ответ
Ответ:
Dan1yar2255
Dan1yar2255
16.01.2022 05:56

Біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларда тұңғыш рет асау тұлпарды тізгіндеп, даланың ерке тіршілік иесін елден бұрын ерттеп мінген, VIII-IX ғасырларда Ақыртастай жауһар қаланы салып, қыр астынан құбыр тартып, Мұзарттың мөлдір, бұлақтың бал суын тұтынған бабалардың даналығында шек жоқ. Бұл жайында күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды мақаласында да айтылды. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты» деді Ұлт көшбасшысы бұл туралы. Сонымен қатар рухты жансыздандырып, ғұрыпты материалдық дүниелерге тәуелді етуді көксеген нарық заманында әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абайдай тағдырлы тарихымыздың тау тұлғаларын да тілге тиек етті. Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталатын «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырып, міндеттеді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп қорытындылады Мемлекет басшысы мазмұнды мақаласын. Яғни, түп-тамырымыз, бастау-бұлағымыз болған ұлттық құндылықтарымызды асқақтата ұлықтайтын кез жетті деген сөз.

Тарқатып айтсақ, ұлт – ұл, перзент деген түбір сөзден құралған. Ұлдың мағынасы баршамызға белгілі. Ол ел қамын жейтін азамат болса, бүкіл елдің де ұлы. Ұл – түбірінен ұл мен қыз, ұлан, құлан, құлыншақ, ұланақ, ұлы, ұлық, ұлықтау, ұлыс деген сөздер дүниеге келді. Ұлы сөзі кез келген жақсы ұғымның апогейін білдіреді. Мысалы, ұлы дала, ұлы адам, ұлы тұлға, ұлы тау деп жалғаса береді. Демек, ұлттың аты артына арлы, иманды ұрпақ қалдырған, халқына қаяусыз қызмет еткен, жақсы ісімен ұрпағына үлгі болған сонау түкпірдегі Ұлы Атамыздың аты. Ал салт – ата салты. Ата-әжені сыйлаудан басталып, соңы әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін құрметтеумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида ешқашан өзгермейді. Һәм тілі мен діні, дәстүрі де оның ажырамас бөлігі. Сол себепті, бабаларымыз бізге «Тілің тұғырың, дінің – діңгегің» деген ұлағатты өсиет қалдырған. Мұны әрбір қазақ азаматы бес саусағындай білуге және оны көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. Онсыз біртұтас қазақ ұлтын сақтау – утопия. Жер бетінен ғайып болған ұлттардың бәрі осындай қарапайым қағиданы ұстана алмағандықтан жойылғанын ұмытпаған абзал.

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деп Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі ұрпақ бабалардың алдындағы рухани борышын адал өтеуге жауапты. Осы орайда, дана халқымыздың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген терең мағыналы сөзі ешқашан өз маңызын жоймайтын тұжырым. Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» десе, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» – деп тайға таңба басқандай ақиқатты шындықпен нақтылаған болатын.

Осындай текті тұлғалардың бүгінгі ұрпағы, қазіргі жастар сол ұлттық құндылықтарды қаншалықты қадірлеп жүр? Салт-дәстүрді қаншалықты біледі, ұстанады? Елінің әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен тарихына қалай алаңдайды? Бір сөзбен айтқанда, олар үшін ұлттық құндылық дегеніміз не? Сананы тұрмыс, моральді материализм билеп-төстеп тұрған бүгінгі нарық заманының жастарына осындай салмақты сауалдарды қойып, ой-пікірлерін білдік.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
AnastasiyaSm
AnastasiyaSm
05.04.2023 11:49

-Сәуле,сәлем

-Сәлем,Лаура.

-Сен неге заказ бересің?

-Мен,кока кола мен фри,гамбургер,және чипсыға заказ берейін деп тұрмын.

-Сәуле,сен оларды алмас бұрын ойландыңба?

-Лаура,түсінбедім.

-Сәуле,сен оларды жегенмен денсаулығыңа зиян келтіресің ғой. Бұл майлы тағамдар.Майлы тағамдарды жеу артық салмақ қосуға,семіздікке алып келетінін білесіңбе?

-Лаура,мен бұларды алудан айнып қалдым.Сонда пайдалы тағамдарға нелер жатады?

-Пайдалы тағамдарға: жеміс-жидектер мен көкөністер,қазақ халқының шұбат,қымызы,сүттен жасалған түрлі тағамдар жатады.

-Түсінікті.Онда мен банан мен алма алайын және жемістерден жасалған коктейль аламын. Мен семіз болғым келмейді. Сенің кеңестеріңнен кейін,пайдалы тағамдар жеймін.Аз мөлшерде ғана майлы тағамдар жеуге уәде беремін.

-Жарайсың,Сәуле.Онда менде заказ бере берейін.

-Жарайды.Мен анау жерге отыра беремін.Күтемін сені

-Жарайды

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота