В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
чебурек48
чебурек48
28.04.2023 22:48 •  Қазақ тiлi

Әтінді 2 рет оқып, сұрақтарға бір сөзбен жауап жазыңыз. Мәтіндегі нақты ақпаратқа байланысты мәтінге ат қойыңыз. Парсы патшасы Кир түркі көшпенділер еліне елші жіберіп, Тұмар ханшайымның өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің массагеттермен соғысу үшін тапқан амалы болатын. Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамайды. Кир жауынгерлерімен Аракс өзеніне жетіп, көпір салуды әмір етеді. Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге елші жібереді. Екі жақтың келісімімен өзеннің массагеттер жағынан соғыс алаңы дайындалады. Кир Лидияның бұрынғы патшасы Крездің үйреткен айласымен массагеттерді жеңіп, Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар ханшайым Кирге ұлын ерлікпен емес, қулықпен қолға түсіргенін айтып, босатуды өтінеді. Тұтқынға түскеніне намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Парсы патшасы Кир Тұмарға жеңгенше шайқасатынын хабарлайды.

Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталып, далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел жояды. Қанқұмар Кир де соғыс алаңында қаза табады.

Аңыз бойынша, Тұмар ханшайым шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған ыдысқа салып тұрып:

- Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жалғыз ұлымды арамдықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді берген сертімді орындап, басыңды қанға батырып, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ,- деген екен.

(167 сөз)

Cұрақтар:

1. Парсылардың патшасы кім?

2. Массагеттердің ханшайымы кім?

3. Кирге ақыл берген кім?

4. Кир кімді қолға түсіреді?

5. Соғыста кімдер жеңіске жетеді?

6. Кирдың басын Тұмар ханшайым неге батырады?

Тақырып:

2-тапсырма

Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметтер бойынша берілген сөздерді қатыстырып досыңа хат жаз.

Соғыс, шайқас,қулық, арамдық, батыл, қайсар

3-тапсырма

«Археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар» жайлы ақпарат жаз

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнын түсінеді. 1 Берілген сұрақтармен мұқият танысады;

Сұрақтарға толық жауап береді;

Негізгі ақпаратқа қатысты мәтінге сөз тіркесімен ат қояды.

5

Досына Томирис жайлы хат жазу 2 Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметті еске түсіреді;

Берілген сөөзерді қатыстыра отырып әңгімелейді; 4

Ақпарат: Археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар 3 «Алтын адам», «Пектораль алқасы», «Алтын құмыра» жайлы айтады 4

Барлығы 13

написать прям сейчас
ч поставлю 6 звёзд


Әтінді 2 рет оқып, сұрақтарға бір сөзбен жауап жазыңыз. Мәтіндегі нақты ақпаратқа байланысты мәтінге

Показать ответ
Ответ:
Аккаунт удален
Аккаунт удален
03.04.2021 10:28

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
katabelja
katabelja
29.08.2020 21:44

Кітапхана туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.  

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.  

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.  

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота