Тірлік қамы Әкеміз үш ағайынды кісі болатын. Өздері сондай ұйымшыл, аз ғана шаруаларын ортақ ұстап, біріне-бірі үнемі жалғасып отыратын еді. Сондықтан өз малдарын өздері бағып, біріне-бірі үлкен, кішілік етпейтін. Мал түлігі болғаннан бастап, жазда аз ғана жылқыны бағу, қыста түйе, сиыр сияқты ірі қараны өріске шығарып, кешке қораға жинау міндетіме айналды. Мың тоғыз жүз он бірінші жылы ауыл қыстауға келісімен әкемнің нағашыларының ауылына бардым. Өйткені ауыл арасы қыста қанаттас болғанымен, жазда бөлек жайлап, қысқа қарсы сағыныса қатынасатынбыз. Мен келсем, ол ауылда ерекше бір жаңалық басталыпты. Әкемнің нағашы ағасы малды, әрі атқамінер, кісілікті ауылдан болатын. Солар Семейден бір ноғай жігітін жалдап әкеліп, балаларын орысша оқыта бастапты. Олардың балалары да мен құралыптас болатын. (111 сөз)
Тапсырма :Сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/tags/%D0%BC%D0%B5%D0%BDi%D2%A3+%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D2%93%D1%8B+%D0%B4%D0%B5%D0...
© www.ZHARAR.com