Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңі Қарлығаштың іс-әрекетін көрсететін қатарларды анықта.

Дұрыс жауап саны: 4
«Қу ... алға жылжып иреңдеді»
«Дәуітті ұя аузына әкеп қойды»
«Тоқ санап көңіліне жұбанғандай»
«Сескеніп ... шіркін сескенбеді»
«Айла іздеп, ... кетті көғал кезіп»
«Тербетсе, ұлы-қызы ержетеді»
Бірінші сызбада бастауыш пен баяндауыш берілген. Мысалы, (кім?)Арман (не істеді?)жүгірді.
Екінші сызбада бастауыш, анықтауыш, баяндауыш берілген. Мысалы, (кім)Арман (қалай)жылдам (не істеді)жүгірді.
Үшінші сызбада бастауыш, екі бір-бірімен байланысқан анықтауыш, баяндауыш берілген. Мысалы, (кім)Арман (қандай)қатты (қалай)жылдам (не істеді)жүгірді.
Шыны керек, үшінші сөйлемдегі қатты жылдам деген дұрыс үйлесетініне сенімді емеспін. Мүмкіндік болса, анықтауыш талаптарына сай келетін, байланысатын сөз тіркесін келтірген жөн
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.