В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

Тіршілік көзі. Та біздің парызы-
03
мыз. Аяулы табиғатсыз бұл ғалам-
да өмір сүру, тіршілік ету мүмкін
емес. Жыл мезгілдерінің ауысып
қоршаған ортаны төрт түрлі
Табиғат
биғатты қорғау –
тұруы да табиғатты әсемдендіре
түседі. Әр жыл мезгілінің
ерекшелігі бар. Төрт жыл мезгілі
ғажайып күйге бөлейді. Таудан
аққан өзеннің дауысы, жасыл
шөптің сыбдыры әдемі көңіл күй сыйлайды. Табиғаттың ғажайып
әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге
бөленесің. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары
мақтадай, шөптері кілемдей төселген табиғатты аялау әр адам үшін
маңызды, себебі адам табиғаттың бір бөлшегі. Адам мен табиғат
егіз ұғым. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты
аялап, қорғауымыз керек. Талай ақын аға-апаларымыз табиғатты
өлеңдеріне арқау еткен:
Табиғатта сезім де, қүлақ та бар,
Ренжітсең, қайғырып, жылап та алар
тірек сөздер тауып беріңізш

Показать ответ
Ответ:
deniskamikhalcozvly4
deniskamikhalcozvly4
28.10.2022 14:39

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Denisigroman
Denisigroman
01.06.2023 08:36
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота