- Өйткені, қыз баласыз өмір болмайды. Осы қыз баласы болмағанда батыр да,ақын да,ғалым да дүниеге келмеуші еді. Қыз нәзік жаратылыс. Оларды ренжітпеу керек.
- Саған қазіргі қыздардың киім үлгісі ұнайды ма?
- Жоқ. Себебі,киімдері тым ашық әрі жыртық киімді көп киеді. Бұл ерсі көрінеді. Саған ше?
- Маған ұлттық киімдер ұнайды. Қазіргі заманға лайықталып тігілген сән үлгілері өте әдемі. Бірақ кейбір ұлттық көйлектердің етек-жеңін қысқа етіп тігеді. Және кейбір көйлектердің түстері үйлеспейді. Маған сондай көйлектер ұнамайды.
- Солай ма? Екеуіміздің ойымыз бір жерден шықты. Мағанда қысқа көйлектер ұнамайды.
тапсырма.Мәтінді 2 рет мұқият оқыңыз.
мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс- бұрыстығын анықтаңыз.
Ең үлкен байлық
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш- қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
(137 сөз)
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Жігіт өзінің кедейлігін айтып ренжіді.
Жігіттің алдынан жас тас қашаушы өтіп бара
жатты.
Көзімді ешқандай байлыққа алмастырмаймын.
Қолы мен аяғын алтынға айырбастауға келісті.
Ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен
денсаулығы.
2 тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Мәтінге қандай ат лайық?
3. Қария неге денсаулықты байлық деп бағалады?
3 тапсырма. Сөздердің аудармасын жаз
• Жоғары кеңес –
• Мойындау -
• Қиыншылық –
• Қарыштап даму –
• өркенің өссін —
• Шыққан жылы –
• Бейне –
• Төл теңге –
• Өңір –
• Мерейтой –
• Арнайы –
• Ерекше –
• тексеру-
• Қан тапсыру-
• дәрігерлік кеңес-
4 тапсырма. Сөздерге тиісті тәуелдік жалғау қосымшасын жалғап жаз
Ақша, теңге, ел, Отан
Менің Біздің
Сенің Сендердің
Сіздің Сіздердің
Оның Олардың
У МЕНЯ СОР
- Маған сұрағың бар ма?
- Қазақ халқы қызды ерекше құрметтеген. Неге?