В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Annna987
Annna987
21.07.2020 01:19 •  Қазақ тiлi

"төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі" тақырыбында диалог құрастырыңыз. составить диалог на тему "төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі"

Показать ответ
Ответ:
annykolis
annykolis
08.10.2020 02:54
– Ата,мен сабақтан бестік баға алдым!

– Жарайсың,құлыным!Әкелші бетіңді,бір сүйіп алайын!

– Ата,осы басқа жануарларға қарағанда төрт түлікті неге біз өзімізге жақын ұстаймыз?

– Себебі,балапаным,кезінде қазақ халқының бары да нары да солар болған.Олардың қай-қайсысының болмасын етін - азық,жүнін - киім,мінсе - көлік қылды.Сен өзі төрт түлікке нелер жататынын білемісің?

– Әрине!Олар:қой,жылқы,сиыр,түйе ғой.

– Дұрыс айтасың.

– Ал егіншілік ше?Қазақ халқы мал шаруашылығынан соң егіншілікпен де айналысқан.

– “Егін ырыс таңдамайды,еңбек таңдайды” дегендей, егіншілік те үлкен еңбекті талап еткен.Бірақ есесіне көп азыққа кенелесің.

– Бұл екеуімен кезінде халқымыз не үшін айналысқан?

– Әрине, күнкөріс үшін.Ол заманда қазіргідей жаңа технологиялар жоқ болды ғой.Біле білсең сенің анау консервідегі сүтіңнен қазақтың төл сиырының сүті әлдеқайда құнарлы.

– Ата,қазір де осы төрт түлік ұстайтын,егін егетін адамдар бар ма?

– Әлбетте.Қалада жүріп көрмей жүрсің ғой,құлыным.Ауылда және одан басқа шаруа қожалықтарында мал бағып,егін егіп,мол өнім алып қана қоймай,ел дамуына өз үлестерін қосуда.

– Мен де келешекте өз кәсібімді ашып,төрт түлігімізді, дәстүрлі егіншілігімізді жұртшылыққа насихаттайтын боламын.

– Талабың таудай болсын,құлыным!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота