В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lewa0131
lewa0131
06.07.2022 23:31 •  Қазақ тiлi

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған. Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі.
Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе. Түйе-жүк көлігі. Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе. Түйе жолға да шыдамды.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл.
Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ. Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.
Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр. Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді. Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі. Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.

1.Мәтінге ат қой ( озоглавьте текст)

2.Мәтінде негізгі ойды анықтаңыз ( определите главную мысль текста)

3. Берілген сөздерге мәтіннен антоним, синоним сөздерді тауып жаз. ( Найдите из текста антонимы и синонимы к данным словам)
Антоним: отырықшы- , арзан- .
Синоним: бағалы- , шыдамды- .

4. Мәтін бойынша жоспар құрыңдар (по тексту составьте план)
І.
ІІ.
ІІІ
ІV.
5. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құр (по тексту составьте 2 вопроса)

3-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз. Хатта оқшау сөздермен етістіктің шақтарын дұрыс
пайдаланып, жазыңдар. По картинке напишите письмо другу о том, как вы вместе с родителями ходили на концерт оркестра национальных инструментов. Правильно используйте в письме вводные слова и времена глагола.

Показать ответ
Ответ:
sveta760
sveta760
19.11.2020 06:53
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені а табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін.Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
vladcjdyte
vladcjdyte
17.11.2020 05:22
Қыз – қонақ.
Дочь – гостья в доме.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
В доме с детьми тайн не бывает.

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Отец – дерево могучее, дети – его листья.

Ердің анасы – елдің анасы.
Мать, родившая героя, всему народу мать.

Ата – балаға сыншы.
Отец – судья своим детям.

Әкеге баланың алалығы жоқ.
Для отца все дети одинаковы.

Бесіксіз үйде береке жоқ.
В доме без колыбели уюта нет.

Ұл туғанға – күн туар.
Мать, родившую сына, счастье ждёт.

Барды – балама, жоқты – санама.
Всё, что есть – детям, нужду себе.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота