В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

Төс қағысып дос болған екі батыр
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.
Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен жолдас болып көгертпейді, қайта досына залалын, зиянын тигізеді. Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу – бұл жалған достық. «Дос жылатып айтады...», ондай болса шындықты бетіне айтып, тәрбиелеп отырған да дұрыс.

Показать ответ
Ответ:
LinaPozniak08
LinaPozniak08
05.05.2022 23:32
Кез келген адамның жанына жақын өзіндік бір айналысатын ісі болады. Бос уақытында сүйікті жұмысымен айналыспайтын жан жоқ шығар. Сол секілді менің де өзіме ұнайтын хоббиім бар. Ол — би билеу.Өнердің бұл түріне қызығып барып жүргеніме міне, бірнеше жыл да болып қалды. Мен кішкентай кезімнен би билеуге әуеспін. Би билигенде мен бар әлемді ұмытып ойға батып кетемін.Негізінен кішкентай балалар би билеуге ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе би билеуге тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын. Отбасымызда бишілер жоқ. Алайда анамның мамандығы би билеу өнерімен байланысты болмаса да, ол өте жақсы билейді..Мен би билеуден басқа бос уақытымда қызықты кітап оқимын және спортпен шұғылданамын.
Я думаю вам это пойдет)
0,0(0 оценок)
Ответ:
Moran1
Moran1
17.06.2022 17:10
Бір құдайға сиынып, 
Кел, балалар, оқылық , 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Істің болар қайыры 
Бастасаңыз алдалап, 
Оқымаған жүреді 
Қараңғыны қармалап. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Оқысаңыз , балалар, 
Шамнан шырақ жағылар, 
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Мал дәулеттің байлығы, 
Бір жұтасаң жоқ болар, 
Оқымыстың байлығы, 
Күннен- күнге көп болар, 
Еш жұтамақ жоқ болар. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Сиса көйлек үстіңде 
Тоқуменен табылған... 
Сауысқанның тамағы 
Шоқуменен табылған... 
Өнер- білім бәрі де 
Оқуменен табылған. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Надандықтын белгісі - 
Еш ақылға жарымас. 
Жайылып жүрген айуандай 
Ақ, қараны танымас. 
Аяңшыл ат арымас, 
Білім деген қарымас... 
Жөн білмеген наданға 
Қыдыр ата дарымас. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Оқу деген шыны - ды, 
Тұрған сайын шыныққан... 
Оқу білген адамдар 
Май тамызған қылыштан... 
Білмегенді білуге 
Есті бала тырысқан, 
Есер бала ұрысқан. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Әлпештеген ата - ана 
Қартаятын күн болар. 
Қартайғанда жабығып, 
Мал таятын күн болар. 
Ата - енең картайса - 
Тіреу болар бұл оқу, 
Қартайғанда мал тайса 
Сүйеу болар бұл оқу. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.. 
Оқу білген таниды 
Бір жаратқан құдайды, 
Танымаған құдайды 
Не ғылғанда ұнайды? 
Шырағым абай болгай деп, 
Ата - енең жылайды, 
Баладан қайыр болмаса, 
Баланы неге сұрайды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота