Түйеқұс (орыс. Страус) - Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың қауырсыны тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан. Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен башпайларының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алға да 400 кг-ға дейін жететін күшпен тебе алады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене жәндікті да іліп алып жей береді. Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзінің салмағы 60 граммға жетеді. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе ауыр. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралған тағы бір көз қабығына ие.