Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты Ұлттық тағам – халықтар достығына
жол
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің
белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне
орай ұлттық жәрмеңке өткізді.
Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың
асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі
апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің
ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті
мен
ұлттық
асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.
Қонақтар жастар
ici жөніндегі Комитет
белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының
тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық
әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, Мың
бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.
- Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар
ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. -
Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық
тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар —
халықтар достығына апарар жол бола алады.
Мақал-мәтелдері
Тұрақты тіркестер
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел – алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.
Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен