В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lera0900
lera0900
07.02.2021 20:18 •  Қазақ тiлi

Тақырыпқа тапсырмалар Мәтінді оқы.

Өзінің бұл сапарға жалғыз шыққанын ойлағанда, жігері құм болып, ет жүрегі езіліп кетті. Тағдыр бұл жолы да оның алдын кес-кестеп, аяқтан шалды. «Қапыда қалдым ғой... Қайтейін, қайтейін, – деп күбірлей берді. – Төлеутайымды қалай ғана сақтай алмадым екен? Неге ертерек қамданбадым? Өрттен қалған қу томардан сорайып жалғыз қалған түрім мынау. Мен өлсем, Тұяқбайдан тұқым жоқ. Орны өшеді... Шіркін, жалған-ай, дәл қазір қасымда томпаңдап Төлеутайым еріп келе жатса, арманым болмас еді-ау. Қайран құлыным, сенен қалай ғана тірі айырылдым екен? Мен сорлыны жер соқтырып кеттің-ау сен мүлде... Тірі болсам, туған жерді бір көрсетем деуші едім. Ол күнге құдай жеткізбеді ғой. Қайтейін!..»

Қарттың иегі кемсеңдеп, бет әлпеті бұзылып кетті. Тынысы тарылғандай, тамағының түймесін ағытты. Сонан соң оқ тиген аңдай ыңыранып, етпетінен аунап түсті де, өзегі өртеніп бара жатқандай жанталасып, қолына ілінген шөпті жұла берді... Төлеутай деп отырғаны – қарттың жалғыз немересі. Осыдан он шақты жыл бұрын мұқым елді жайлаған қалың сүзекте ұлы мен қызы, кемпірі мен келіні қабатынан қайтыс болғанда, қу бұтаққа ілінген жалғыз жапырақтай осы Төлеутайы қалып еді қасында. Мұны осынау жарық дүниемен жалғастырып тұрған жалғыз дәнекер де сол немересі болатын. Жасқа жетпей жетім қалған сәбиді қолынан түсірмей, жалаңаш қойнына салып жүріп баққан-ды. Қарттың бағына қарай түлкінің күшігіндей сүйкімді боп өсіп еді өзі де.

Бұл жаққа келгелі, қарттың кәсібі аңшылық болатын. Көнелеу бердеңке мылтығы бар-ды. Мынау Тарбағатайдың күнгей жағын ол аттылы-жаяу талай рет шарлаған. Қанжығасы майланып, табысы тәуір болған жылдары өзінен асып, көрші жарлы-жақыбайларға да қайырымы тиіп жүрді. Үнемі болмаса да ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа-судан кенде қылмаған.

Кейін немересімен екеуі қалған кезінде де, аңшылықтан қол үзген жоқ. Рас, соңғы жылдары жасы ұлғайып, қайғы қажытты ма, мылтық ұстағанда қолы сәл қалтырап, көзі жасаурайтынды шығарды. Сілтегені тие бермей, мүлт кететін де боп жүрді. Бірақ, Төлеутайын тарықтырған емес. Түз несібесі – тәңірден. Ертемен мылтығын асынып кетеді де, кешке жақын талшық етер бірдеңе алып қайтады. Сөйтіп ол қоғам өмірінен, саясаттан тысқары, табиғат аясында оқшау жүріп жатты. Түзге шықса қара мылтығын, үйге келсе қара домбырасы мен немересін ермек етті.

АЙТЫЛЫМ

1-тапсырма. Суреттерге қара әңгіме желісінде осының қайсысына қатысты оқиға болуы мүмкін? Пікіріңді дәлелдеп айт.

2-тапсырма. Пікірталас. Мәтіннің соңында жазушы өз кейіпкерінің өмірі одан әрі қалай боларын жазбаған. Сондықтан қарама-қарсы идеялармен танысып, пікірталас ұйымдастырыңдар.

ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма. Жазушының суретіне қарап, сипаттамалық мәтін жаз. Мәтінде сын есім, үстеу, тұрақты тіркестерді қолдан.

2-тапсырма. «Балық қаңқасы» диаграммасын толтыр. Жазғандарыңды өзара алмасып, пікір бөлісіңдер.

1.Балықтың басына әңгіменің мақсатын;

2.Балықтың үстіңгі қаңқасына әңгіменің идеясын;

3.Балықтың астыңғы қаңқасына кейіпкердің мінездемесін;

4.Балықтың құйрығына қорытындыны жаз.

Показать ответ
Ответ:
trubadurov01
trubadurov01
19.10.2021 19:17
 Менің  балалық  кезімде біз отбасымызбен бірге таулы жерлерге бардық.Бұл қыс мезгілі болатын.Әкем мені сырғанату үшін шана алған.Мен шанамен сырғанауды қатты жақсы көрдім.Біз тауды,орманды араладық.Және де көп қарлы тауларды көрдік.Әкем олардың үстінен сырғанауды ұсынды.Олар өте биік болатын.Біз тауға 5 минуттай көтерілдік.Біз таудың ең шыңына жекенде,әкем мені шанаға отырғызды.мен өте қатты қорықтым,бірақ әкем әр кез менің қасымда болды.Ол менің жаныма отырып,біз таудан сырғанап кеттік.Мен айқайладым,бірақ кейіннен қорқынышым судай        басылып,күлімдедім.Қайтадан сырғанайықшы деп,өтініш жасадым.Өте көңілді болды.Анам осындай саяхаттарды және ойындарды ұнатпайтын.Сондықтан ол біздің сырғанап жүргеніізді бақылап отырды.Бәрі өте көңілді,мәз-мейрам болды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Crackstack18
Crackstack18
19.10.2021 19:17
Балалық шағында отбасымен біз кеттік, тауға. Бұл қыста.Әкем өзімен шана, мені сырғанату. Мен өте жақсы көретін шана.Біз саяхат жасаған таулар,ормандар, мен көрген көп қар гор. Әкем ұсынды сырғанаған қандай тамаша олардан шанамен. Олар өте жоғары. Біз көтерілді бойынша қайғы-5 минут. Біз алғын ең жоғарғы, әке егіп, мені шана. Маған өте қорқынышты, бірақ әкем әрқашан менімен бірге.Ол подсел жанында " картонке және біз скатились. Мен деп, бірақ содан кейін жоғалтып қорқыныш болды күлуге, мен просилась. Көңілді болды. Анам жақсы көрмейтін сияқты оқиғалы фильмдер мен ойындар. Ол бақылады біз скатывались. Барлық өте қуаныштымыз .
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота