Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бұл атаулар – өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7 сандары киелі сан болып есептеледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін де – сол ата-бабалар. Мәтінде кездесетін сан есім түрі
A) Есептік сан есім B) Реттік сан есім C) Жинақтық сан есім D) Бөлшектік сан есім
2.Қой жүнінен киіздің кейбір түрлері мен иірілген, жіптерінен киім тігіліп, кілем, бау-басқұр тоқылатын, арқан-жіп есілетін және тұрмыстық, шаруашылық бұйымдар жасалатын.
3. Ешкіге байланысты сөз - айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Тоқал ешкідей болды. Ешкінің сүті ем екен
4. Жылқының пайдасы - сүтінен қымыз (кумыс) алады, емдік қасиеті бар, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды, қазақта мақал бар, жылқының ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді. Жылқыны шанаға,арбаға жегеді, мінеді, көлік ретінде. Атпен мал бағады. Түрлі спорттық жарыстарға (аламан бәйге) қатыстыру үшін арнайы өсіреді. Жылқы - ішсең сүт, жесең ет, мінсең көлік.