TADININ
( 120
Қайталау
Ғарыш тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгердім.
1. а) Суреттің атауын жаз.
ә) Сөз бен оның түсіндірмесін сәйкестендіріп оқы.
1. Мәзір
а) 1000 метрдің басқаша атауы
2. Шақырым
ә) Ғарышкерлерге арналған тағамдар тізімі
3. Марапат
б) Ғарышкер тағамын салатын арнайы құты
немесе ыдыс
4. Оралу
В) Елі үшін еңбек еткен адамға берілетін атақ
немесе сый
5. Сықпа
г) Бастапқы ұшу нүктесіне қайтып келу
Менің сүйікті актерім туралы.
Менің сүйікті актерім Азат Райымбекұлы Сейтметов — танымал кино және театр актері. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1964 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы театр училищесін тәмамдаған.
Сахнадағы негізгі рөлдерінің ішінде М.Әуезовтің «Абайында», «Қарагөзінде», «Еңлік - Кебегінде», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» т.б., сонымен қатар «Періште», «Балалық шағымның аспаны», «Анаға апарар жол» секілді фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.
2016 жылы Seoul International Drama Awards – телевизиялық фильмдер мен актерлердің, сондай-ақ, түсірілім қызметкерлерінің жыл сайын өтетін бәйгесінде «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен «Жылдың үздік актері» номинациясында жеңімпазы атанды.Байқауда Қытай, АҚШ, Жапония, Бразилия, Түркия, Ұлыбритания сияқты елдермен қоса, әлемнің елуден астам мемлекетінің өкілдері бақ сынады. «Seoul International Drama Awards» фестивалінде әр елдің сериал жанрындағы жаһандық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын үздік жұмыстары сарапқа салынды.