-тапсыр Елендi окы магжан жумабаевтың «Козак тiлi еленiмен салыстыр. Кестеге жаз Мужество
Мы знаем, что ныне лежат на весах
И что совершается ныне Час мужества пробил на наших часах И мужество нас не покинет
Не страшно под пулями мертвыми лечь Не горько остаться без крова. - И мы сохраним тебя, русская речь. Великое русское слово
Cұрақтар
Елен не туралы?
Тiлдi неге теңейді?
Сандай ортаң ой бар?
андай ерекшелік бар?
Мағжан Жұмабаевтың <<Қазақ тілі>> өлеңі
Анна Ахматова
Анна Ахматованың <<Мужество>> өлеңі
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы — Алматы қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі.
Объяснение:
1925 жылы Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929 жылы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясында мұражайымен біріктіріліп, республикадағы іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан казіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған. Олар казірғі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар - ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939 жылы Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл "Қарғалы көмбесін" қазғанда б.з.б. 2 ғасыр,- б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген абыз әйелдің мүрдесімен бірге көмілген ерекше әсем 370 әшекейлік бұйым шықты. Сондай-ақ, мұражайда 1988 жылы (Алматыдан 250 км шығыста) Кеген аңғарындағы Жалаулы а-нан ежелгі сақтардың байырғы мекенінен табылған жәдігерліктер бар. Мұражайда сақталған Қазақстанда б.з.б. 7-3 ғасырларда өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұрмыс салтындағы ғұрыптық ыдыс-аяқтардың жиынтығы - сақ қазандары ТМД аумағындағы ең бай коллекция болып саналды. Мұражайдың археологиялық қорында 11-15 ғасырлардағы Қазақстанның ежелгі қалаларының материалдық мәдениетінен нақты мәлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің қару-жарақтары, Ұлы жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан жерінен табылған көне түркі (5 - 8 ) руханиятына қатысты тас мүсіндер, балбал тастар, ескерткіштер, т.б. жиынтығы мұражай қорында сақтаулы. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мөдениетінің ескерткіштері, түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ зергерлерінің күмістен жасаған әшекейлік бұйымдары жинақталды. Мұражай қорында тері өндейтін зергерлердің көне төсілінен сыр шертегін шаруашьшық заттар (торсық, кесеқап, мес, жағлан), ат әбзелдері (ер-тұрман, жүген, өмілдірік, құйысқан, қамшылар), әйел және ерлер аяқ киім (етік, мәсі, кебіс) үлгілері бар. Киіз үй — көшпелілердің баспанасы болғандықтан мұражайда киіз үй және оның жабдықтары қойылған.Мұражай қорында Қазақстанның ежелгі тарихы мен елімізде өмір сүретін халықтардың тұрмыс-салтына қатысты суреттер, деректер, қол-жазбалар, шағатай, көне түркі, қазақ, араб, парсы, т.б. тілдердегі сирек кездесетін деректемелік материалдар көп. Құран, хадис, шежіре тәрізді көне жәдігерлер сақталған. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдеріне қатысты фото-суретті құжаттар бар. Сондай-ақ, Қазақстан қылқалам шеберлерінің туындылары да бар. Мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.
Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.