Тапсырма 1. Берілген мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.
Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.
Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.
– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.
1-тапсырма.
Мәтінге ат қойыңдар. [1]
Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен жазыңдар .[1]
Мәтіннен қосымша ақпаратты табыңдар
[1]
Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар. Олардың түрін анықтаңдар.
Найзағайдан қалай қорғану керек ереже:
Көбінесе найзағай биік ғимараттарға, ағаштарға түседі. Сондықтан олардан 50-60 метр қашықтықта болғанымыз дұрыс.Қолшатыр найзағайдан құтқармайды, керісінше апат әкелуі мүмкін. Сол себепті, найзағай кезінде қолшатырды ашуға болмайды.Біз далаға шықпас бұрын, ауа-райын қарап, жаңбыр болады ма тексеруіміз керек. Жаңбыр болса шықпағанымыз жөн.Себебі, жаңбыр жауып жатқанда, найзағай да соғуы ықтимал.Найзағай болып жатса, телефонмен сөйлеспегеніміз дұрыс. Себебі, найзағай кей кезде жоғарыда тартылған электр бағаналарынан өтеді.Егер найзағай түсу қаупі болса, далаға шықпаған жөн.Жетіқарақшы (лат. Big Dipper) — аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Ерік (Дубке) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды.