В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
meizum2luba
meizum2luba
09.05.2022 12:46 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінді тыңдау барысында онда кездесетін термин сөздерді түртіп алыңыз. Мәтіннің астарлы ойы нені меңзейді? Сұраққа түртіп алған термин сөздеріңізді қолданып, жауап беріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің негізгі ойына қатысты айтқан жұбыңыздың пікірімен қаншалықты келісесіз? Келісетін не келіспейтін тұстарыңызды дәлелдеп, жүйелі кері байланыс беріңіз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол
– Қызыл кітап...
Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс? Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. «Қызыл кітап» өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.

«Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім десек те болады. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

2-мәтін
Жануарларға қайырымды болыңыз
«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның бірінші бөлімі омыртқалы жануарларға, ал екінші бөлімі өсімдіктерге арналып шығарылды. Әлемдік деңгейдегі жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығының ұйымдастырылуына аталған кітаптың да үлесі жоқ емес.
Тамыз айының үшінші сенбісінде Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні атап өтіледі (International Homeless Animals Day). Атаулы күннің белгіленуіне себеп болған – Халықаралық жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығы. Ұйым бұл ұсынысты 1992 жылы білдірген болатын. Бастапқыда халықаралық дәреже берілмегенімен, көптеген елдердегі жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады.
Бүгін мереке емес, бүгін әлем жұртшылығының үйсіз-күйсіз жануарларға назарын аударуға, адамдарға олардың трагедиялық тағдырларын таныстыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Еріктілер арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан, конкурстардан, аукциондардан түскен қаржыны үйсіз қалған жануарларға жұмсайды. Сондай-ақ бұл күні қарапайым мысықтар мен иттерге қожайын табуға жақсы мүмкіндік туады.

Показать ответ
Ответ:
kirilos2014
kirilos2014
16.03.2021 11:40

у меня соч

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота