В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
megamozg42
megamozg42
21.04.2022 10:26 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Нан

(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

1-мәтін 2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Етістіктің шақ түрлеріне мысал тауып жазып, шақ түрлерін ажырату

2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «Тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап эссе жазыңыз. ​

Показать ответ
Ответ:
yalunaluna
yalunaluna
20.10.2022 05:58
Қазақ халқында аспаптар көп.Оның ішінде ең асылы қара домбыра.Ал енді мен сіздерге бір аңыз айтып берейін:
Бір күні бір аңшы болады.Ол өз азығын марал ауламен тауыпты.Бірде ол аңшы маралды тау басынан аулап алады.Содан кейін аңшы таудан маралды түсіру қиын болады.Сол үшін маралдың бүкіл ішек қарынын сол жерге тастап кетеді.Бір уақыттан кейін аңшы қайтадан сол жерге келеді.Ол жерге келсе ызыңдаған дауыс шығады.Сөйтсе ол алдындағы маралдың ішек қарыны ағашқа керіліп қалыпты.Содан аңшының басына бір ой келеді.Содан домбыра пайда болады.Осылай қазақтың асыл,қара домбырасы пайда болады!
0,0(0 оценок)
Ответ:
nauryzbekova
nauryzbekova
01.05.2023 09:59
Менің қазақстаным – бұл ең қымбатты, маңызды, асыл, ыстық сүйікті ел. Ұлы ақындар жырлаған сұлулығы мен тарихын қазақ жерінің. Республика омывается суларымен Каспий және Арал теңіздері, оның аумағындағы орналасқан көп өзендер және көлдер. Ертегідей жер қойнауы өте бай ежелгі қазақ жерінің. Көмір, мұнай, алтын, титан, қорғасын, цинк, темір – барлық табуға болады қазақ жерінде. Қазақстанда бірыңғай отбасымен тұрады он бес миллион адам, өкілдер жүзден астам ұлт пен ұлыс. Қазақстан халқы бірл. Бұл көмектеседі әлем ежелгі, тамаша қазақстан жерінде. Ал бейбітшілік – маңызды шарты, болашақ өсіп-өркендеу тіледі.
Біз мақтан тұтамыз өткен еліміздің посвятим өмір оны осы атымен ортақ келешек.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота