Тапсырма 1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан.
Тірек сөздер:
Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін. Тірек сөздер:
Көптеген шығарма жазғанына қарамастан, көзі тірісінде, газеттің беттерінде бірнеше өлеңі ғана жарияланды. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ол 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Қазіргі уақытта, ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған.
Тірек сөздер:
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.
Тақырып:
3. «Уақыт-ұлы күш» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.
На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "
Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))