ТАПСЫРМА: БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРМЕН СӨЙЛЕМДЕР ҚҰРАСТЫРЫҢЗ (жазбаша, талаптарды ескеріңіз: 1)Әр сөйлемде 6 сөзден кем болмау керек. 2)Қалау рай, бұйрық рай болу керек 3)Мақсатты келер шақ пен болжалды келер шақ болу керек Егіншілік, Бидай,
Тартып алу
Бойшаң-
Бұта-
Қасақана-
Нашарлау-
Жәрдем –
Жалбарыну-
Аң аулау-
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
“ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты. Ата - анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын.
Мен өз қазақ тілімді жақсы көремін. Ол әлемдегі ең бай тілдердің қатарына кіреді. Тілдің көмегімен адамдар бір-бірімен байланысады, ақпарат таратады, жаңа нәрселер үйренеді және ғылымды дамыта алады. Адамзат қол жеткізген жетістіктер, олсыз жүзеге а еді. Егер біз сөйлеу қабілетіне ие болмаған жағдайда, өміріміз қандай болатындығын елестетіп көріңіз. Көп адам, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болуына қарсы, бірақ мен мұны қолдаймын. Өйткені, әрбір ақылды адам, ана тілін дамытуға тырысу керек. Ана тілі – біздің мәдениетіміздің өте маңызды бөлігі. Кейбір адамдар қазақ тілін бұрмалау және сөздерін өзгерту арқылы тілімізге зиян келтіреді. Әсіресе, бұл әрекетке жасөспірімдер барады. Осылайша, ата-ана мен баланың арасындағы қашықтық ұзарады, өйткені, бірін-бірі түсіну қиындайды. Бірақ, бұл қазақ тілінің өркендеуіне кедергі келтірмейді деп сенемін. Менің пікірімше, өз ана тілін сақтау және дамыту – әр азаматтың міндеті мен борышы.
Толығырақ: https://faktiler.kz/ana-tili-turaly-shygarma/