ТАПСЫРМА:Бос орынға қарамен берілген сөздерді тиісті орнына қойыңыз. Асты сызылған -сөздердің қолданылу ерекшелігін назар аударыңыз.
Мен, сіздердің, біз, осы, менің, біздің, оларды, оның, олар
Құрметті соғыс ардагерлері!
Қазақстан елінің жас өренімін! Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бір кезде сұрапыл соғыс адамдарды қазақ жеріне әкеліп, бір шаңырақтың астында өмір сүруге мәжбүр етті. Бауырмал қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, мейрімділік танытты.
Мен жуырда Зигфрид есімді бала туралы шығарма оқыдым. басынан өткен оқиғалар маған қатты әсер етті. Онда соғыстан кейінгі балалардың тағдыры бейнеленген. Осыдан соң еліміздегі барлық балалардың бақытты екеніне көзім жетті, себебі бейбітшілікте өмір сүруде.
Болашақта мен елімнің үлкен азаматы болып өсетініме сенімдімін. Себебі мемлекетіміз үшін көп игі істер жасауда. Жақсы білім алып, еліміздің тірегі болу парызымыз. Біз үміттеріңізді ақтау керекпіз
Құрметті соғыс ардагерлері!
Мен Қазақстан елінің жас өренімін! Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бір кезде сұрапыл соғыс біздің адамдарды қазақ жеріне әкеліп, бір шаңырақтың астында өмір сүруге мәжбүр етті. Бауырмал қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алып, мейрімділік танытты.
Мен жуырда Зигфрид есімді бала туралы шығарма оқыдым.Оның басынан өткен оқиғалар маған қатты әсер етті. Онда соғыстан кейінгі балалардың тағдыры бейнеленген. Осыдан соң еліміздегі барлық балалардың бақытты екеніне менің көзім жетті, себебі олар бейбітшілікте өмір сүруде.
Болашақта мен елімнің үлкен азаматы болып өсетініме сенімдімін. Себебі мемлекетіміз біз үшін көп игі істер жасауда. Жақсы білім алып, еліміздің тірегі болу біздің парызымыз. Біз сіздердің үміттеріңізді ақтау керекпіз.
Объяснение: